×
485.34
564.45
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.34
564.45
6.53

Атыраудағы қанды оқиға: сотта Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеуге берген жауабы көрсетілді

Бүгін, 15:02
Атыраудағы қанды оқиға: сотта Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеуге берген жауабы көрсетілді
Фото: видеодан алынды

Атырау облысында төрт адамның өліміне қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасуда. Кезекті сот процесінде тергеу материалдарына енгізілген жаңа бейнежазбалар мен өзге де дәлелдемелер зерттелді. Сотта мәйіттердің табылған жерінен түсірілген кадрлар, күдіктілердің қозғалысы, жауап алу барысы және қаржылық операцияларға қатысты материалдар көрсетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Толығырақ

Сот отырысында тергеу барысында жиналған бірқатар бейнежазбалар мен өзге де дәлелдер зерттелді. Олардың қатарында мәйіттердің табылған жерінен түсірілген кадрлар, мүрдеханадағы видеолар, Ақбаян Мұқанғалиевадан жауап алу сәттері және марқұмдардың банк шоттарындағы ақша қозғалысына қатысты мәліметтер бар.

Алқабилерге Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның былтыр желтоқсанда шекаралық бақылау бекетінен өткен кезі түсірілген бейне көрсетілді. Бұдан кейін Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттерін жер астынан шығару сәттері түсірілген видеолар қаралды.

Сот отырысында сондай-ақ мүрдеханадағы сараптама материалдары көрсетіліп, марқұмдардың денелеріндегі жарақат іздері мен басқа да белгілер талқыланды.

Одан бөлек, марқұмдардың есепшоттарындағы ақша қозғалысына қатысты деректер зерттелді. Тергеу нұсқасы бойынша, олардың банктік шоттарынан әртүрлі сомада қаражат шешіліп, жұмсалған. Бұл операцияларды растайтын бейнежазбалар мен құжаттар сотқа ұсынылды.

Ақбаяннан жауап алу және Мұнайшыда жүргізілген тергеу әрекеттері

Кейін Ақбаян Мұқанғалиевадан 9 наурызда Индонезиядан келген соң жауап алынған видео қаралды. 

Жазбада Ақбаянның үні өте ұяң, бәсең. Сұрақтарға баяу жауап берді. Кей жерде даталарды еске түсіре алмады. Мұнайшыдағы үйде тіркеуде тұрғанын, Индонезиядан қашан келгені туралы жауап берді. Ал ата-анаңыз қайда деген сұраққа, ауылда деп жауап берді. Соңғы рет олармен қашан сөйлескенін нақты есіне түсіре алмады.

Видео қарап болған соң судья Зарема Хамидуллина Ақбаяннан сот-психиатриялық сараптамасы дайын болмаған кезде жауап алынғанын түсіндіріп өтті. Тергеуші істі тезірек ашу мақсатында жауап алған деді судья. 

Сот барысында Наурыз Мұқанғалиевтің телефонынан жіберілген WhatsApp хабарламаларына да назар аударылды. Тергеу болжамынша, отбасы жоғалғаннан кейін оның атынан жолданған кейбір хат-хабарларды басқа адам жіберген болуы мүмкін.

Іс бойынша дәлелдемелерді қарау жалғасуда. Келесі сот отырысы 9 маусым күні өтеді.

Қылмыс тарихы

Еске салайық, Атырау облысы Женгелдин ауылында тұратын Қарабалиндер отбасы 2025 жылдың желтоқсан айының соңында із-түзсіз жоғалып кеткен.

Кейін 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның әйелі Нәсіп Өтешқалиеваның денелері өз үйлерінің ауласындағы шаруашылық құрылысының астынан табылды.

Сәрсемәлиев пен оның әйелі халықаралық іздеуге жарияланып, 2026 жылдың ақпанында Бали аралында ұсталған. Қазақстанға экстрадицияланғаннан кейін Сәрсемәлиев Қарабалиндердің ұлы мен қызының мәйіттері жасырылған орынды өзі көрсеткен. Олардың сүйектері Атырау маңындағы жалдамалы үйдің ауласынан табылды.

Серіктес жаңалықтары