Әлеуметтік желілерде «Атырау Хакер» атымен танылған азаматтың жарияланымдарына қатысты қызу талқылау жүруде. Пікірталас Атырау облысында бір отбасының бірнеше мүшесінің қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық іс пен сот процесінің аясында өрбіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ІС БОЙЫНША НЕ БЕЛГІЛІ?
Қазір сотта отбасының бірнеше мүшесінің өліміне қатысты іс қаралып жатыр. Прокурорлардың мәліметінше, ата-ананың денелері Қызылқоға ауданындағы қорадан табылған, ал бауырлардың денелері Атыраудағы Геолог ықшамағында көмілген күйде анықталған.
Айыпталушылардың бірі — Сарсемәлиев есімді азамат. Іс материалдарына сәйкес, ол отбасымен бірге шетелге кеткен деген болжамдар да айтылған.
«АТЫРАУ ХАКЕР» НЕ ТУРАЛЫ ЖАЗДЫ?
Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, «Атырау Хакер» аталған отбасының жоғалуына байланысты алғашқы болып дабыл қағып, Сарсемәлиевтің елден кеткені, ал отбасының басқа мүшелері шекарадан өтпегені туралы ақпарат жариялаған.
Бүгінгі сотта айтылған кейбір деректер оның жарияланымдарындағы мәліметтермен сәйкес келуі мүмкін деген пікірлер айтылып жатыр. Дегенмен бұл мәліметтердің барлығы ресми түрде расталды деуге негіз жоқ, олар бойынша құқық қорғау органдарының қорытындысы маңызды.
ҚОҒАМДАҒЫ РЕАКЦИЯ
Желі қолданушылары екі негізгі мәселені көтеріп отыр:
Отбасының жоғалуына байланысты алғашқы шағымдар түскен кезде құқық қорғау органдары жеткілікті деңгейде әрекет етті ме деген сұрақ.
«Атырау Хакердің» жарияланымдары неге дер кезінде тексерілмеді және оның өзі не себепті ұсталды деген мәселе.
Пікір білдірушілердің бір бөлігі оны қоғам назарын аударған белсенді ретінде қолдаса, енді біреулері құқықтық баға тек сот пен тергеу органдары тарапынан берілуі тиіс екенін айтып отыр.
РЕСМИ ТҮСІНІКТЕМЕ
Қазіргі уақытта ҚР Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасы аталған әлеуметтік желідегі пікірлерге қатысты жеке ресми мәлімдеме жасағаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Сондықтан желіде тараған тұжырымдардың бәрі ресми түрде дәлелденді деп айтуға болмайды. Істің толық мән-жайы сот тергеуі аяқталғаннан кейін белгілі болуы тиіс.
Әлеуметтік желідегі жазбалар мен пікірлер ресми тергеу қорытындысын алмастырмайды. Мұндай резонансты істер бойынша нақты баға соттың шешімі мен уәкілетті органдардың ресми мәліметтері негізінде беріледі.
ҚЫЛМЫС ТАРИХЫ
Еске салайық, Атырау облысы Женгелдин ауылында тұратын Қарабалиндер отбасы 2025 жылдың желтоқсан айының соңында із-түзсіз жоғалып кеткен.
Кейін 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның әйелі Нәсіп Өтешқалиеваның денелері өз үйлерінің ауласындағы шаруашылық құрылысының астынан табылды.
Сәрсемәлиев пен оның әйелі халықаралық іздеуге жарияланып, 2026 жылдың ақпанында Бали аралында ұсталған. Қазақстанға экстрадицияланғаннан кейін Сәрсемәлиев Қарабалиндердің ұлы мен қызының мәйіттері жасырылған орынды өзі көрсеткен. Олардың сүйектері Атырау маңындағы жалдамалы үйдің ауласынан табылды.