Алматының Бостандық ауданында полицейлер боди-массаж салоны ретінде жұмыс істеген заңсыз мекеменің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ
Полиция департаментінің мәліметінше, сауықтыру қызметтерін көрсетеміз деген желеумен интимдік сипаттағы қызметтер ұсынылған мекемені учаскелік инспекторлар қаланың беделді аудандарының біріндегі жеке үйлердің бірінен анықтаған.
ЖЕТІ ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ
Тексеру барысында жеті әйел ұсталды. Олардың барлығы полиция бөліміне жеткізіліп, жеке бастары анықталып жатыр.
Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ мекеме әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданды.
Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Марат Башимов былтыр жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасына қатысты 141 қылмыстық іс қозғалғанын айтқан еді.