×
484.78
558.66
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.78
558.66
6.6

Оқу орнына жала жапқан Facebook белсендісіне 780 мың теңге айыппұл салынды

Бүгін, 12:01
Оқу орнына жала жапқан Facebook белсендісіне 780 мың теңге айыппұл салынды
Фото: yu.edu.kz

Сот әлеуметтік желілерде оқу орнының оқытушылары туралы көрінеу жалған ақпарат таратқан азаматты жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Lada.kz жазуынша, Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты Р. есімді азаматқа қатысты істі ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша қарады. Аталған бап «жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтерді бұқаралық түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып тарату» ретінде сипатталады.

Оқиға биыл мамыр айында болған. Азамат Р. өзінің Facebook және Instagram парақшаларында, сондай-ақ WhatsApp чатында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің оқытушыларына қатысты жарияланымдар таратқан. Университет бұл мәліметтерді көрінеу жалған деп атап, сотқа жүгінген.

Сот отырысында аккаунт иесі тағылған айыппен келіспейтінін және өз кінәсін мойындамайтынын айтқан. Ал университет өкілі соттан оны жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұраған.

Соттың мәліметінше, азамат Р.-дың кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, оның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған жарияланымдар мен фотосуреттермен, Каспий технологиялар және инжиниринг университеті қызметкерлерінің ұжымдық арызымен, полиция инспекторының рапорттарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және сотта зерттелген басқа да құжаттармен дәлелденген.

ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша жаза ретінде жеке тұлғаларға 180 АЕК мөлшерінде айыппұл (778 500 теңге) немесе 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Лауазымды тұлғалар үшін айыппұл 600 АЕК немесе 25 тәулікке дейін қамау көзделеді.

Сот Р.-ды кінәлі деп танып, оған 180 АЕК (778 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ және апелляциялық тәртіппен шағымдануға болады.

Айта кету керек, бұдан біраз уақыт бұрын ақтаулық белсенді Бибігүл Рамазан аталған университетке қатысты Фейсбукте пост жариялап, полициядан шақырту түскенін жазған болатын. Ал заңгер Айгүл Орынбек оған адвокат ретінде араша түскен еді. 

Серіктес жаңалықтары