×
467.65
533.26
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.65
533.26
5.96

Алматыда көп әйел алуды насихаттаған ер адам айыппұл арқалады

Бүгін, 10:44
Алматыда көп әйел алуды насихаттаған ер адам айыппұл арқалады
Видео кадры

Алматыда әлеуметтік желіде көп әйел алуды насихаттаған ер адамға айыппұл салынды. Бұл туралы полиция интернетте жүргізілген мониторинг барысында анықтаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құқыққа қайшы жазбалар анықталды

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Қазақстан заңнамасына және қоғамда қалыптасқан адамгершілік құндылықтарға қайшы өмір салты ашық насихатталған. Жазба авторы үш әйелі барын көрсетіп, сол үшін сынағандарға «бізге бәрібір» деп жауап берген.

Тексеру барысында жазбаның авторы анықталып, оған қатысты әкімшілік шара қолданылды.

– Құқыққа қайшы контент жариялаған ер адамға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Профилактикалық әңгімеден кейін ол әлеуметтік желідегі жазбаларын өз еркімен өшірді, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің өкілі.