×
490.21
566.93
6.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.21
566.93
6.81

"Жалақыны 3 есе қысқартты": Бибісара Асаубаева Тоқаевқа шағынды

Бүгін, 14:55
"Жалақыны 3 есе қысқартты": Бибісара Асаубаева Тоқаевқа шағынды
Фото: norwaychess.no

Халықаралық шахмат гроссмейстері, әлемдік рейтингте шахматшы қыздар арасында бесінші орында тұрған Бибісара Асаубаева Президентке үндеу жасады,  деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Толығырақ

Шахматшы жуырда әлемдегі ең беделді турнирлердің бірі саналатын Norway Chess жарысында мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, бірінші орын алғанын айтты.

“Алайда осы турнирге дайындық толықтай өзімнің жүлде қорымнан және ата-анамның қаражаты есебінен жүргізілді. Турнирде бірге жұмыс істеген секунданттар мен сарапшылардың еңбекақысы әлі күнге дейін төленген жоқ”, – дейді Асаубаева. 

Шахматшы Президенттің өзі спортшыларды «елдің алтын қоры» деп атайтынын еске салып, жетістіктер үлкен еңбек пен табандылықтың арқасында келетінін атап өтті.

Бибісараның айтуынша, соңғы жылдары спорт министрлігімен жұмыс істеу барған сайын қиындап кеткен. Ол әлем чемпионатындағы жеңіс үшін берілетін сыйақы көлеміне де назар аударды. Оның мәліметінше, шахматтан әлем чемпионы атанған спортшыға небәрі 2 мың доллар төленсе, Олимпиада жүлдегерлеріне 250 мың долларға дейін сыйақы қарастырылған.

Спортшы Қазақстанда шахматтан әлем чемпионы атанған жалғыз қыз екенін де айтты. Екінші әлем чемпиондығынан кейін 2023 жылдан бастап, ол Спорт министрлігі арқылы ай сайын шамамен 1 млн теңге көлемінде жалақы алып келген.Алайда 2025 жылдан бастап жалақыны 3 есе қысқартқан. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, министрліктің ұсынысымен бірнеше рет қаржылық қолдау алуға өтінім берілген. Тіпті Спорт министрінің орынбасары, қордың қамқоршылық кеңесі оның өтінімін мақұлдағанын хабарлағанымен, кейін қор басшылығы өтінімді себепсіз кері қайтарған.

Шахматшы тағы бір мәселені көтерді.

“Президент мырза, сіздің жарлығыңызбен 2025 жылғы 30 желтоқсанда маған ІІ дәрежелі «Барыс» ордені берілгенімен, ол марапат әлі күнге дейін табысталған жоқ. Мәдениет және спорт министрлігінің шақыруымен Астанаға үш рет барғаныммен, бірақ әр жолы марапаттау кейінге шегерілді. Сондай-ақ сәуір және мамыр айларында Сіздің атыңызға бірнеше өтініш жолданғаныммен, әлі жауап келмеді,” – дейді шатматшы қыз.

Үндеуінің соңында Бибісара Асаубаева алда маңызды жарыстар, оқу-жаттығу жиындары мен үлкен жұмыс күтіп тұрғанын айтып, не істеу керектігін сұрады.

Серіктес жаңалықтары