×
488.59
564.37
6.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.59
564.37
6.79

Алматы базарында 13 мыңнан астам жұмыртқа тәркіленді

Бүгін, 13:23
Алматы базарында 13 мыңнан астам жұмыртқа тәркіленді
Фото Depositphotos.com

Алматыдағы «Барыс-IV» базарында заңсыз әкелінген 13 мыңнан астам тауық жұмыртқасы анықталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Толығырақ

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, тауар ветеринарлық құжаттарсыз, арнайы таңбалаусыз және тиісті қаптамасыз сатуға шығарылған. Сол себепті өнім тәркіленді.

“Заңсыз айналымнан жалпы саны 13 680 дана өнім алынды. Қолданылған әкімшілік шаралар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынды”, – делінген хабарламада. 

Министрлік сонымен қатар базар басшылығымен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін және заңсыз әкелінген өнімдерді сатуға тыйым салу туралы ресми ескертулер жолданғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары