Алматыда 12 жастағы баланың қаза табуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. 13 жастағы жасөспірім күдікке іліккен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы оқиға 10 маусым күні Алматы қаласының Түрксіб ауданында болған.
«Алдын ала деректер бойынша, кәмелетке толмағандар арасында жанжалболған. Қазіргі уақытта күдікті арнайы мекемеге орналастырылды», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, ұсталған жасөспірім қаза тапқан баламен таныс болған.
Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті кешенді тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар тергеу нәтижесінде кәмелетке толмаған баланың ата-анасын бала тәрбиесіне дұрыс қарамағаны үшін жауапқа тарту мәселесі қаралатын болады.
Істің өзге мән-жайлары тергеу мүддесіне байланысты әзірге жария етілмейді.