×
487.76
562.39
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.76
562.39
6.75

Ұлттық футбол құрамасын итпен тексерген: Өзбекстан АҚШ-тан түсініктеме сұрады

Бүгін, 10:15
Ұлттық футбол құрамасын итпен тексерген: Өзбекстан АҚШ-тан түсініктеме сұрады
Фото: yacobchuk/Getty Images

Өзбекстан ұлттық футбол құрамасын Нью-Йоркте қауіпсіздік қызметі қызметкерлері мен қызметтік иттердің қатысуымен мұқият тексерген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

«Газета.Уз» ақпарат агенттігінің жазуынша, Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Нидерланды құрамасына қарсы ойын алдында ойыншылар мен бапкерлер штабы қатаң тексеруден өткені үшін АҚШ билігінен түсініктеме сұраған.

«Біздің футболшыларға қатысты жағдай бойынша Нью-Йорктегі еліміздің Бас консулдығы арқылы АҚШ-тың тиісті ведомстволарымен байланыс орнатылып, жағдайға ресми түсініктеме сұралды. Мемлекеттердің ішкі ережелеріне сәйкес кез келген қауіпсіздік шаралары қолданылатынын түсіне отырып, мұндай үдерістер спорттық іс-шаралардың рухына, атап айтқанда өзара құрмет пен достық қатынастарға нұқсан келтірмеуі маңызды деп санаймыз», — деді Өзбекстан СІМ баспасөз хатшысы Омонулла Файзиев.

8 маусымда матч басталар алдында АҚШ қауіпсіздік қызметі Өзбекстан делегациясының мүшелерін мұқият тексеруден өткізген. Футболшылар қол металлодетекторларымен тексеріліп, олардың сөмкелері мен спорттық жабдықтары автобустың жанында кинологтың бақылауымен жерге қойдырылған. Бастапқыда бұл жағдай Өзбекстан футбол қауымдастығы өкілдерін таңғалдырған, себебі делегация спортшыларға мұндай қатаң шаралар қолданылатынын күтпеген.

Бас бапкер Фабио Каннаваро бастапқыда таңданыс білдіргенімен, кейін жағдайды ушықтырмауға шақырды. Оның айтуынша, түсіндіруден кейін бұл басқа елдердің делегациялары да кездесетін стандартты қауіпсіздік рәсімі екені белгілі болған. Мысалы, Сенегал және Бельгия құрамалары да әуежайда осындай тексеруден өткен).

Бапкер бұл оқиғада «ешқандай жанжал жоқ» және «ешқандай құрметсіздік немесе орынсыз әрекет болмағанын» атап өтті.

Серіктес жаңалықтары