Қоғам белсендісі Жанна Ахметова желіде тетелес баланы пышақтап өлтірген жасөспірімдерге қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Автордың айтуынша, бұл қала үшін төтенше жағдай, жауапты органдардың, әкімдіктердің, білім беру жүйесінің және, әрине, ата-аналардың олқылығы. Тіпті, қоғамға үлкен сигнал.
“Балалардың арасында телефон арқылы жанжал туындап, екеуі үшінші балаға «есеп айырысуға» келген. Менің білуімше, барлық отбасы ауқатты, ата-аналары жұмыс істейтін адамдар. Менің түсінуімше, кәмелетке толмаған қылмыскерлер жазасыз қала ма? Бізде қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Елестетіп көріңізші, олар ешқандай жаза алмай, қыркүйекте басқа балалармен бірге мектепке барады”, – дейді Жанна Ахметова.
Белсенді бұл оқиғаға ересектер кінәлі деп есепетейді.
“Ересектер балаларға үлгі. Күн сайын жаңалықтарда ересектердің бірін-бірі пышақтап жатқанын, пышақ ала жүгіретінін көреміз. Жолда, автобуста, үйде бірдеңе болса болды, пышаққа жүгіреді. Біздің балалар мұны қалыпты нәрсе деп қабылдайды. Біз өзіміз оларды соған үйреттік”, – дейдді ол.
Контекст
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 12 жастағы баланы құрдастары пышақтап кеткенін жазған едік.