×
487.76
562.39
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.76
562.39
6.75

Конституциялық сот ажырасқан ата-аналарға қатысты шешім қабылдады

Бүгін, 11:48
Конституциялық сот ажырасқан ата-аналарға қатысты шешім қабылдады
Фото Depositphotos.com

Қазақстанда ажырасқаннан кейін балалармен қарым-қатынас орнатуға қатысты істер бойынша жеке сот орындаушыларының  еңбегін төлеу ережелері қайта қаралатын болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Конституциялық соттың хабарлауынша,  мұндай шешімге мемлекеттік органға жүгінген азаматтың шағымы себеп болған. Ол заң мен тиісті бұйрықтағы ЖСО қызметін төлеу тәртібінің Конституцияға сәйкестігін тексеруді сұраған. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, төлем сомасы талап қоюшы мен борышкер арасында тең бөлінеді. Ал сот шешімін орындамаған жағдайда барлық шығындар борышкерге жүктеледі.

Азаматтың пікірінше, бұл тәртіп оның ата-ана ретіндегі құқықтарын шектеп, бөлек тұратын балаларымен қарым-қатынас жасауына қаржылық қиындық туғызған.

Конституциялық сот ажырасу, некені жарамсыз деп тану немесе бөлек тұру баланың екі ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын шектемеуі тиіс екенін атап өтті.

«Әрбір ата-ана өз баласының дамуы мен тәрбиесіне тікелей қатысуға міндетті. Сот шешімдерін мәжбүрлі орындау тетігі баланың отбасылық байланыстарын сақтауға нақты мүмкіндік беруі тиіс және оны ата-ананың материалдық жағдайына тәуелді етпеуі керек. Қолданыстағы тәртіп сот шешімінің міндетті күшін қамтамасыз етудің тиімділігін төмендетеді, сондай-ақ сот шешімі пайдасына шығарылған тұлғаға сот орындаушысының қызметін төлеу міндетін жүктейді», – делінген шешімде.

Конституциялық сот бұл нормаларды Конституцияға сәйкес келмейді деп танып, Үкіметке оларды қайта қарауды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары