×
489.33
566.3
6.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.33
566.3
6.74

"Дәрігерлер ұлымды өлтірді": Ақтауда 13 жастағы бала белгісіз жағдайда көз жұмды

Бүгін, 10:05

Ақтау тұрғыны Жұлдыз Азанова дәрігерлердің қателіктігі салдарынан өзінің 13 жастағы ұлының жағдайы ауырлап, кейіннен қайтыс болғанын мәлімдеді. Ол осы оқиғаға қатысы бар тұлғаларды жауапкершілікке тартып, тиісті жаза қолдануды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жұлдыз Азанованың айтуынша, 17 қаңтар күні оның ұлы Исмаил Азановтың іші кенеттен ауыра бастаған. Жедел жәрдем шақырылғаннан кейін бала аппендицит күдігімен облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген. Ол үш сағат бойы дәрігерлердің бақылауында болған. Алдын ала қойылған диагноз расталмаған соң, кішкентай науқасты үйіне жіберген.

Алайда ұлының ішінің ауруы басылмаған, күн сайын дене қызуы көтеріліп отырған. Анасының сөзінше, олар бірнеше рет емханадағы педиатрға және жұқпалы аурулар ауруханасына жүгінген. Соған қарамастан, нақты диагноз қойылмай, баланы әр жолы үйіне қайтара берген.

Жұлдыз Азанованың ұлының жағдайы әбден нашарлағаннан кейін ғана ауруханаға жатқызылып, оған ота жасалған.

«Қымбат уақыттың жоғалуы салдарынан хирургтер операция кезінде тек аппендиксті ғана емес, сонымен қатар ішектің едәуір бөлігін де алып тастауға мәжбүр болды. Дәрігердің айтуынша, операция барысында баланың жағдайы бірнеше рет аса ауыр күйге түсіп, жүрегі бірнеше мәрте тоқтап қалған», – дейді Жұлдыз Азанова.

Біраз уақыт өткен соң, 19 ақпанда бала санитарлық авиация арқылы Алматы қаласына жеткізіліп, сол жерде емін жалғастырған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Жұлдыздың туыстары Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына бірнеше рет жүгінген, алайда ешқандай жауап ала алмаған. Осыдан кейін олар амалсыздан облыстық прокуратураға шағымданған. Прокуратура өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен байланысқа шыққан. Жұлдыз Азанованың жақындары оқиға бойынша жан-жақты тексеру жүргізуді талап етті.

Анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Денсаулық сақтау министрлігіне арнап бейнеүндеу жолдап, медициналық қызметкерлердің әрекеттеріне тексеру жүргізіп, олардың жұмысына тиісті құқықтық баға беруді сұрады.

“Айдың күннің аманында соқырішектен қайтыс болған баланың анасымын.Осы уақытша дейін мен Президентке, Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне және басқа да органдарға үндеу жасадым. Алайда сол кісілер көріп отырса да, әрекетсіз әлде шынымен менің сөзім оларға сөзім жетпей жатыр ма білмеймін. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Ақтау әкімдігіген ешқандай үмітім қалмағандықтан, Денсауылқ сақтау министрлігіне шықтым. Алайда олар баламның ісін қоқыс секілді Ақтауға қайтарып жіберді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қадағалайтын адам бар ма? Президент, депутаттар және министрлер қастарыңызда жүрген осы әйелді қадағалайсыздар ма, бала өмірі не болып жатыр, медицина не болып жатыр деп сұрайсыздар ма? Қазір дәрігерлер тапшы, бірреттік бас киім тапшы. Оны неге қара халық біз түсінуіміз керек? Бұл денсаулық сақтау министрлігінің проблемасы емес пе. Неге мен балғыз баламнан айырылуым керек? Осы үшін маған кім жауап береді? Президент мырза,  қайда қарап отырсыздар? Неге соқырішектен жалғыз баламнан айырдыңыздар? Қазақстанда неге медицинаның деңгейі төмен? Ауруханаға шұғыл барып тұрған баланы неге үйге қайтарды, неге білімсіз дәрігерлер мемлекеттік ауруханада жиналған. Сонда баланың өмірі ойыншық па сіздерге? Осы істі кім қадағалайды? Мен Ақмарал Әлназарованың жеке Маңғыстауға келіп, менің баламның өлімі үшін жауап беруін талап еттім. Ол көзбояушылық жасап, Алматы мен Астанадан шықпайды. Сонда басқа өңірлерді кім тексереді. Министр менің алдыма келсін, Президент осы істі жеке қолына алсын! Талап етемін”, – дейді көз жасына ерік берген ана. 

Серіктес жаңалықтары