×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қостанай облысындағы жол апатынан егіз баласымен бірге анасы да көз жұмды

07.02.2023, 20:26
Ашық дереккөз

Қайғылы оқиға 7 ақпанда Қостанай облысындағы Қарабұтақ тас жолында орын алғаны нақтыланады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

7 ақпанда Қостанай облысындағы Қарабұтақ тас жолының 470-ші шақырымында жол апаты орын алды. JAC S3-тің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озғысы келіп жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты: 9 жасар егіз бала және олардың 33 жастағы анасы. Тергеу амалдары қолға алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі, яғни "Жол жүру ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды".Қостанай облысы ПД

Айта кетсек, Жамбыл облысында көлігі өртенген қоғам белсендісі жала жабу күдігімен ұсталды.                     

Серіктес жаңалықтары