×
487.17
565.65
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.17
565.65
6.72

Балаларды бункерде қамап, сатып келген қылмыстық топ әшкере болды

Бүгін, 14:27
Балаларды бункерде қамап, сатып келген қылмыстық топ әшкере болды
видеодан скрин

АҚШ-та баларды жылдар бойы зорлап, сатып келген қылмыстық топ ұсталды,  деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Толығырақ

AL.com.басылымының жазуынша, 2025 жылғы 4 ақпанда Алабама штатының Отбасы және балалар істері жөніндегі департаменті полицияға Брент провинциялық қалашығында балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық болуы мүмкін екенін хабарлады. Шериф аталған мекен-жайға келгенде, торнадодан сақтану мақсатында салынып жатқан жерасты бункеріне кіретін есікті тапқан. Ішінде бір-бірімен жыныстық қатынасқа түскен екі бала болған.

Тергеушілер балалардан жауап алып, мұны ересектер үйреткенін анықтаған.

Округ шерифі бұл оқиғаны 33 жыл ішінде көрген ең қорқынышты оқиға ретінде сипаттайды. 

– Мен құқық қорғау органдарында 33 жыл қызмет еттім. Балаларға жасалған қатыгездікке қатысты істердің ішінде бұл мен көрген ең қорқынышты жағдай. Мен Құдайдың кешірімі шексіз екенін білемін, бірақ егер оның да шегі болса, біз сол шекке жеткен сияқтымыз, – деп келтіреді The Washington Post кокруг шерифі Джоди Уэйднің сөзін.

Бетон бүркемесі күдіктілердің бірі 21 жасар Уильям Чейс Макэлройдың әжесіне тиесілі үйдің аумағында болған. Тергеушілердің мәліметінше, онда бірнеше жыл қатарынан балаларды сексуалдық құлдықта ұстаған ұйымдасқан желі жұмыс істеген. Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық топ 2022 жылы құрылған.

Тергеу мәліметінше, жеті ер адамнан құралған топ үш жыл бойы кемінде он баланы заңсыз қамауда ұстаған. Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, кәмелетке толмағандарға психологиялық және физикалық қысым көрсетілген.

Арнайы операция барысында жеті күдікті ұсталды. Олардың арасында екі әйел де бар. Тергеу нұсқасы бойынша, олар өз балаларын жертөледе азаптап, зорлық-зомбылық көрсеткен.

Іс материалдарына сәйкес, күдіктілердің бірі екі жастан 15 жасқа дейінгі балаларға есірткі заттарын беріп, кейін оларды сексуалдық мақсатта пайдаланған. Сонымен қатар кейбір жағдайларда жәбірленушілерге қатысты заңсыз әрекеттерге үшінші тұлғалар да тартылып, ол үшін 1 мың АҚШ долларына дейін ақша төлегені анықталған.

Серіктес жаңалықтары