×
489.39
567.5
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.39
567.5
6.69

Өзбекстанда футбол матчы үшін жұмыс күні бір сағатқа шегерілді

Бүгін, 11:15
Өзбекстанда футбол матчы үшін жұмыс күні бір сағатқа шегерілді
Фото Gazeta.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейсенбі, 18 маусым күні жұмыс күнінің басталу уақытын кейінге шегерді. Себебі дәл осы күні елдің ұлттық құрамасы футболдан әлем чемпионатында алғаш рет ойнайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жұмысқа сағат 10:00-ден бастап кірісуге болады. Мұндай шешім мемлекет басшысының азаматтардың тарихи матчты тамашалауына мүмкіндік беру мақсатында қабылданған.

Өзбекстан мен Колумбия арасындағы ойын Өзбекстан уақытымен 7:00-де басталады, сондықтан жанкүйерлер матчты отбасымен бірге көруге мүмкіндік алады.

Шерзод Асадовтың айтуынша, президенттің өзі де матчты үйінде отбасы және немерелерімен бірге тамашалайды.

Жеребе нәтижесі бойынша, Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатында K тобына түсті. Бұл топта Португалия, Колумбия және Конго командалары бар. Топтан келесі кезеңге екі команда өтеді.

Серіктес жаңалықтары