×
489.39
567.5
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.39
567.5
6.69

Үш бірдей төлқұжат пен азаматтық төңірегіндегі дау: Қапеновтің қай сөзі рас, қай сөзі өтірік?

Бүгін, 17:48
Үш бірдей төлқұжат пен азаматтық төңірегіндегі дау: Қапеновтің қай сөзі рас, қай сөзі өтірік?
Коллаж Ulysmedia.kz

Өз заманында Қазақстанда аста-төк байлықтың астында жүрген топ-менеджер Азамат Қапеновтың бір уақытта үш бірдей елдің төлқұжатын пайдаланғаны туралы ақпарат бар. Алайда бұл оқиғада сәйкес келмейтін тұстар өте көп. Ол заманда ықпалды тұлғаларды жағалаған адамдардың «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» болған еді. Бірақ одан бері көп дүние өзгерді. Ulysmedia Қапеновтың азаматтығына қатысты даулы мәселелерді зерттеп көрді.

Қапеновтің қанша азаматтығы бар?

Азамат Қапенов ұлттық компанияның топ-менеджері болды. Қаңтар оқиғасынан кейін сот шешімімен сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовқа (күйеу баласы) ең жақын адамдардың бірі болды. Қазір оған Қазақстанда ғана емес, Ресейде де іздеу жарияланған.

Жақын ол не себепті Қазақстаннан кеткенін түсіндіріп мәлімдеме жасады. Осы тұста оның азаматтығына қатысты бірқатар сұрақтар туындады.

2025 жылы желтоқсанда Ulysmedia-ға берген сұхбатында ол азаматтығына жайлы сұраққа қысқаша былай деп жауап берген еді:

– Мен туғаннан Ресей және Қырғызстанның азаматымын.

Алайда арада бірнеше ай өткенде Қапенов видеоүндеу жариялады. Онда ол Қырғызстанда туғанын айта келе, Қазақстан азаматтығын тек 2001 жылы алғанын айтты. 2003 және 2015 жылдары Қазақстан темір жолы компаниясында жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Кейіннен Ресейге қоныс аударған соң Қазақстан азаматтығынан шыққан. Осы тұста оның азаматтығына қатысты мәлімдемелері бір-біріне сәйкес келмейтіні байқалды.

Азамат Қапеновтің сөзінше, ол Қырғызстан азаматтығынан еш уақытта бас тартпаған. Ол осы елдің азаматтығын 16 жасында алған. Содан бері ешқашан өзгертпеген. Егер бұл ақпарат рас болса, онда ол 2001 жылы Қазақстан азаматтығын алғанда екі елдің де төлқұжатына ие болған. Ал Қазақстанда заң бойынша қос азаматтыққа тыйым салынған. 2007 жылға дейін Қырғызстанда заң бойынша жекелеген жағдайларда қос азаматтыққа рұқсат берілген. Бірақ кейіннен заң өзгеріп, қос азаматтыққа бұл елде де шектеу қойылған. Қапеновтың 2007 жылдан кейін Қырғызстандағы статусы қандай болғаны белгісіз.

Қазақстанның азаматтығын алу үшін Қапенов Қырғызстанның азаматтығынан бас тартқан болуы мүмкін. Бірақ бұл жерде тағы бір сұрақтың басы қылтияды. Онда ол қалайша Қырғызстан азаматтығын қайтара алған?

Соттылық, мансап және миллиардтардың дауы

Азамет Қапенов темір жол саласында жұмыс істеген. Қазақстан темір жолы құрылымында басқарушы қызметтерде болған. Оның лауазымы «көз ілеспейтін жылдамдықпен» өсті. Бірнеше жылдың ішінде «Көлік қызметтері орталығы» АҚ вице-президенті, Қазақстанның көлік холдингі бас директордың орынбасары, Қазтеміртранс вице-президенті (операциялар және логистика бағыты) сияқты қызметтерді атқарды.

Қапеновтің есімі осы уақытта БАҚ беттеріне жиі шыға бастады. 2009 жылы Қапеновтің Алматыдағы «Бейрут» мейрамханасында болған жанжалға байланысты ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Сол уақытта оның продюсер Елтижан Тұрғанәлиевпен жаға жыртысып қалғаны туралы айтылды.

Арада үш жыл өткенде Азамат Қапенов тағы да дауға қалды. Ол бұрынғы жұбайы Адиля Кушербаеваны 150 мың АҚШ долларын ұрлады деп айыптады. Бірақ сотта оның бұл сөзі дәленденбеді.

Бұл оқиғалардың көпшілігі жеке өмірге қатысты болса да, қоғам назары оның Қазтеміртранстағы қызметіне ауды.Осыдан кейін көп ұзамай оған халықаралық іздеуге жарияланған .

Қазір ол әлеуметтік желіде бейнеүндеу жасап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығаруды әдетке айналдырғандай. Алайда оның азаматтығына қатысты сұрақтар әлі де болса ашық күйінде қалып отыр.

Серіктес жаңалықтары