×
487.73
558.99
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.73
558.99
6.63

"Алтыналмас" компаниясы "Майқайыңалтын" кенішін сатты

Бүгін, 10:20
"Алтыналмас" компаниясы "Майқайыңалтын" кенішін сатты
"Алтыналмас" баспасөз қызметі

Қазақстандағы ірі алтын өндіруші "Алтыналмас" компаниясы Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» кенішін өз иелігінен шығарды. Бұл – бірнеше жыл бұрын шахта аумағында жер опырылып, қызметкерлер отырған автобус жер астына құлаған қайғылы оқиғамен белгілі болған кәсіпорын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Компанияның ресми ақпаратына сәйкес, “Алтыналмас” Павлодар облысындағы “Майқайыңалтын” кен орнын 8,7 млрд теңгеге өзінің акционері – Gouden Reserves Kazakhstan компаниясына өткізген. Яғни бұл мәміле сыртқы сатып алушыға емес, компанияның ішкі жоғары құрылымына активті қайта аудару түрінде жүзеге асқан.

Аталған кен орнын компания бұған дейін, яғни бір жыл бұрын ғана 6,06 млрд теңгеге сатып алған еді. Сонымен қатар, “Алтыналмас” бұған дейін 33,5 млн долларға алынған “Ақтоғай мыс” активін де өз иелігінен шығарғаны белгілі. Осы өзгерістерден кейін Алтыналмас құрылымында барлығы 14 еншілес компания қалғаны хабарланды.

Алтыналмас – Қазақстандағы алтын өндірісі бойынша үздік үштікке кіретін ірі тау-кен компанияларының бірі. Оның кен орындары Жамбыл, Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Абай облысы аумақтарында орналасқан. Компания 1993 жылы құрылған. Бүгінде ол геологиялық барлау жұмыстарынан бастап дайын Доре қорытпасын өндіруге дейінгі толық өндірістік тізбекті жүзеге асырады. 2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша, компанияның негізгі акционерлерінің бірі – еліміздегі ірі бизнесмендердің қатарындағы Владимир Жұманбаев.

Сату процесі жүріп жатыр

Қазіргі уақытта “Алтыналмас” компаниясын кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліпке сату процесі жүріп жатыр. Оның иелігіндегі Central Asia Resources Holding Ltd. компаниясы биыл “Алтыналмас” АҚ-ның 100% акциясын сатып алу туралы келісімшартқа қол қойған. Дегенмен мәміленің нақты аяқталатын уақыты әлі белгісіз. Кәсіпкердің айтуынша, бұл келісім қаржылық және заңдық жағынан мұқият тексеруді қажет ететін күрделі процесс.

Серіктес жаңалықтары