×
487.73
558.99
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.73
558.99
6.63

Киберқылмыскерлер қолынан қаза тапқан қыздың әкесі петиция жариялады

Бүгін, 16:27
Киберқылмыскерлер қолынан қаза тапқан қыздың әкесі петиция жариялады
Фото: Facebook/Саябек Қанаха

Астанада жұмбақ жағдайда көз жұмған 21 жастағы Айсәуле Қанаханың әкесі Саябек Қанаха онлайн-петиция жариялады. Ол алаяқтардың әрекеті адам өліміне әкеліп жатқанын айтып, азаматтарды қорғауға бағытталған қазіргі тетіктердің тиімсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ер адамның петицияда айтуынша, оның қызы бірнеше күн бойы алаяқтардың қысымында болған. Олар өздерін Ұлттық банктің қызметкеріміз деп таныстырып, қызбен WhatsApp арқылы сөйлескен. Алаяқтар оны сендіріп, отбасының ақшасын басқа адамдардың шоттарына аудартқан. Бұл адамдарды «дропперлер» деп атайды. Келесі күні таңертең қыз өлі күйінде табылған. Отбасы бұл жағдайға күмәнмен қарайды.

Айсәуле белгілі қазақстандық жазушы Өтебай Қанахиндің немересі болған. Ол «Шабыт» академиясында грантта оқып, математика мен дизайн бағыттарымен айналысқан. Қызды 3 сәуір күні 21 жасқа толған күнінде жер қойнына тапсырған.

«Айсәуле қызымның қазасына байланысты тергеу жұмыстары барысында кибералаяқтыққа қарсы күрес жүйесіндегі бірқатар жүйелік кемшіліктерді байқадым. Осыған байланысты азаматтарды, әсіресе балаларды қорғауға бағытталған реформалар жөніндегі ұсыныстарымды петиция түрінде жарияладым. Елімізде кибералаяқтық қазіргі қарқынымен таралып, тағы да адамдардың тағдырына қайғы әкелмеуі үшін Сіздерді осы петицияға қолдау білдіріп, қол қоюға шақырамын», – делінген петицияда.

Оның айтуынша, тек Астана қаласындағы №66 мектеп түлектерінің арасында 2026 жылдың басынан бері үш жастың қазасы тіркелген, әрі бұл жағдайлардың барлығы алаяқтық пен бопсалаумен байланысты болуы мүмкін. Киберполиция бөлімдері заманауи қылмыс түрлерімен күресуге толық дайын емес. Қаржы ұйымдары клиенттерді тексеру және ірі аударымдарды бақылау бойынша жеткілікті қатаң талаптар қолданбайды.

“Құқық қорғау органдары барлық жауапкершілікті зардап шеккен азаматтардың өздеріне ысырып қойып, тек өлім мен шығынды тіркейтін енжар бақылаушыға айналған. Үкімет «жетістіктер» туралы есеп беріп жатқанда, екінші деңгейлі банктер ешқандай тексерусіз студенттерге миллиондаған транзакцияларды мақұлдап, бөгде адамдарға есепшоттарды оп-оңай ашып беріп отыр”, – дейді ол.

Сондай-ақ ол қызының ісі бойынша тергеудің созылып кеткенін, қылмыскерлер жаңа құрбандарды тұзаққа түсіріп жатыр деп мәлімдеді. 

“Құрметті Президент мырза! Құрметті Премьер-министр мырза! Сіздер мемлекеттің бірінші тұлғалары ретінде жеке шұғыл шаралар қабылдауға міндеттісіздер. Созбалаңға салу адам өмірін қияды. Астана қаласы Есіл аудандық ПБ полициясы Айсәуле ісі бойынша бір айдан астам уақыт бойы ешқандай шара қолданбай, материалдарды бір тергеушіден екіншісіне лақтырып, адвокатты елемей келді. Қылмыстық іс 40 күннен астам уақыт бойы кабинеттер арасында жүргенде, қылмыскерлер жаңа құрбандарды тұзаққа түсірді. Біз жалған есептерді емес, отбасыларымызды қорғайтын жүйелі технологиялық шараларды талап етеміз! !”, – дейді қыздың әкесі.

Контекст

Бған дейін қайғылы жағдайда көз жұмған Айсәуле Қанаханың әкесі құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты ашық мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қызының өлімінен кейін тергеуде көптеген заңбұзушылық пен салғырттыққа жол берілген.

Серіктес жаңалықтары