Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңінің соңғы жарыс күні басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстан құрамасы халықаралық турнирдегі алғашқы алтын медальдарын жеңіп алды.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Назым Қызайбай финалда Италия өкілі Сирин Чараабиден басым түсті. Ал 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Виктория Графеева шешуші жекпе-жекте Олимпиада чемпионы, Тайбэй боксшысы Юй-Тин Лиді жеңді.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын және үш қола медаль бар.
Бұған дейін Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдеге ие болған еді.
Айта кетейік, бүгін финалда Қазақстан құрамасынан Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) да алтын жүлде үшін шаршы алаңға шығады.