×
487.01
557.87
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.01
557.87
6.59

Туысы болып танысқан алаяқ қариялардан 2 млн теңгеге жуық қаржы ұрлаған

Бүгін, 13:14
Туысы болып танысқан алаяқ қариялардан 2 млн теңгеге жуық қаржы ұрлаған
Фото: nbcnews.com

Қарағанды облысында сот егде жастағы адамдарды алдап, өзін олардың туысы ретінде таныстырған ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Тергеу мәліметінше, күдікті интернет арқылы зейнеткерлердің байланыс нөмірлерін тауып, оларға телефон соққан.

Әңгіме барысында ол өзін таныстырмаған, керісінше, сөйлесушілердің өздері оны шетелде тұратын туысы деп ойлауына жағдай жасаған.

Осы қате түсінікті пайдаланып, ер адам зейнеткерлерді «сәлемдемені алу» үшін ақша беруге көндірген. Қаражатты курьер арқылы алғаннан кейін, ол ізін суытқан.

«10 қарт адам алаяқтың құрбаны болған. Келтірілген материалдық шығын 50 мыңнан 1 миллион 750 мың теңгеге дейін жеткен», – дейді Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Сот үкімімен ер адам алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жыл 7 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Прокуратура азаматтарға бейтаныс нөмірлерден түскен қоңырауларға сақ болуды, алынған ақпаратты туыстары арқылы нақтылап тексеруді және бөгде адамдарға ақша бермеуді тағы да ескертті.