×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

Қамаудағы ҚазТАГ редакторы Әмір Қасенов аштығын тоқтатты

Бүгін, 09:00
Қамаудағы ҚазТАГ редакторы Әмір Қасенов аштығын тоқтатты
ҚазТАГ

Істі болып, қамауда отырған ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов аштығын тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Азаттық радиосының жазуынша, Әмір Қасенов 26 маусымда аштығын тоқтатқан. Бұл ақпаратты оның адвокаты Акромат Мұхтаров та растаған.

– Бүгін Әмір Қасеновтың әйелі Айгүл Қасеновамен бірге тергеу изоляторына бардық. Әмір Қасеновпен жолығып, аштығын доғаруға көндірдік. Ол осы шешімі арқылы әділдігі үшін күресуге, сот процесіне видеобайланыс арқылы емес жеке қатысуға ниетті. Ал бұл үшін оған күш керек. Біз үшін Әмір Қасеновтің сот процесіне өзі келіп қатысып, позициясын сотта тікелей айтқаны маңызды, – дейді адвокат.

Әмір Қасенов 15 маусымда аштық жариялаған болатын. Ол тергеу изоляторынан жазған хатында «Қазақстан журналистерінің түрмеге қамалудан қорықпай жұмыс істеу құқығы үшін күресемін. Соыңына дейін күресемін» деген.

Контекст

Былтыр желтоқсанның басында ҚазТАГ директоры Әсет Матаев пен басылымның бас редакторы Әмір Қасенов «көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты» деген күдікке ілінген. Көктемде Матаевқа бұл баппен қозғалған іс тоқтатылғаны белгілі болды. Жуырда Әмір Қасенов Тоқаевқа видеомәлімдемесінен кейін үйқамақтан абақтыға ауыстырылған.

ҚазТАГ үстінен бизнесмен Тимур Турлов басқаратын Freedom Finance компаниясы арыз түсірген. ҚазТАГ бұған дейін Freedom Finance компаниясындағы «алаяқтық схемалардан зардап шеккендер» жайлы деп бірнеше мақала мен видео жариялаған. Ал Freedom Finance жарияланған мақала мен видеолар шындыққа жанаспайды дейді. ҚазТАГ бұл істі өздеріне жасалған қысым деп санайды.