×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 12,3 мыңнан асты

09.02.2023, 07:46
фото: ашық дереккөзден

Түркияда зілзаладан қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар мен апаттар жөніндегі басқарманың (AFAD) мәліметінше, Кахраманмараштағы жер сілкінісінен 12 391 адам қаза тапты, 62 914 адам жарақат алды.

Халықты орналастыру үшін 70 818 шатыр тігілген.

AFAD дерегіне сәйкес, 6 ақпан күні Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Кеше, 8 ақпанда түрік елінде 5,4 магнитудасымен тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Айта кетейік, кеше Түркияның Қазақстандағы елшісі жер сілкінісінен кейін төрт қазақстандықтың жоғалып кеткенін мәлімдеген. Оның біреуі – Сабира Мамадиярова үйінді астынан табылды. Өзгелері іздестіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары