×
472.03
540.29
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.03
540.29
6.11

Қазақстанда Астана есімді 26 адам тұрады

Бүгін, 14:22
Қазақстанда Астана есімді 26 адам тұрады
pixabay

Астанада әйелдер саны ерлерге қарағанда шамамен 100 мыңға көп. Ал Қазақстан бойынша Астана есімді 26 адам тұрады. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросының сарапшылары Астана күніне орай жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елордада кімдер тұрады?

2026 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша, Астанада 1 674 699 адам тұрады. Оның 884 029-ы – әйел, 790 670-і – ер адам.

Елорда тұрғындарының орташа жасы – 30,9 жас. Ал өмір сүру ұзақтығы 78,8 жасқа жеткен.

2026 жылдың басындағы дерек бойынша, қалада 18 жасқа дейінгі шамамен 545 мың бала тұрады. 2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келді. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айында 3469-дан астам неке тіркелген.

Бизнес және қала тіршілігі

1 маусымдағы жағдай бойынша, елордада 274 285 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді.

Астана құрылыс компанияларының саны бойынша Қазақстанда бірінші орында. Қалада бұл салада шамамен 18,5 мың компания тіркелген.

Жалпы елордада 576 мың пәтер бар.

Кафе, театр және саябақтар

Астанада 6819 қоғамдық тамақтану нысаны жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бойынша елорда Алматыдан кейін екінші орында.

Сонымен қатар, қалада 31 театр, 5 музей, 35 кітапхана және 24 саябақ бар.

Туризм және интернет

2026 жылдың бірінші тоқсанында Астана қонақүйлері 67,9 мың шетелдік туристі қабылдаған. Қалада алты бес жұлдызды қонақүй жұмыс істейді.

Елордада тіркелген тұрақты интернет абоненттерінің саны 443,4 мыңға жетті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша халықтың қартаю индексі 22,9 болды.