×
471.04
538.54
6.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.04
538.54
6.17

«Қазақстан темір жолы» басшысы қызметінен кетті

Бүгін, 10:01
«Қазақстан темір жолы» басшысы қызметінен кетті
Ulysmedia коллажы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды. Бұл шешімді компанияның жалғыз акционері қабылдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Самұрық-Қазына» қорына сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолын» 2025 жылдың шілде айынан бастап басқарды. Оған дейін бұл қызметті атқарған Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып тағайындалғаннан кейін ол ұлттық компания басшысы қызметіне келген.

Алдыбергенов бұған дейін «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. Оның теміржол саласындағы еңбек өтілі 35 жылдан асады.

Ол еңбек жолын Батыс Қазақстан темір жолындағы жұмысшы қызметтерінен бастап, кейін бірқатар көлік және логистикалық компанияларды басқарған.

«Самұрық-Қазына» қорын оның өкілетін тоқтату себептерін жария етпеді.