×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ақтауда құлап кеткен лифт эксплутацияға берілмеген

27.09.2021, 21:55
ашық дереккөз

Ақтауда бірінші қабаттан шахтаға құлап кеткен лифт эксплутацияға берілмеген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-нің хабарлауынша, лифт тұрғындардың өтініші бойынша қосылған. Осыдан екі жыл бұрын қалалық лифтілерге қызмет көрсететін компания түрік өндірісінің кабиналарын жеткізуге және орнатуға келісімшартқа отырған. Бір жылдан кейін жұмыстар аяқталып, құжаттар тұрғын үйді салушыларға берілген және рәсімдеуге қатысты барлық жұмысты аяқтауы керек болатын. Мамандар төтенше жағдайға лифттің шамадан тыс салмақты көтере алмауы себеп болуы мүмкін екенін айтады. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода лифтте 6 ересек пен кішкентай балалардың лифттен шығып жатқаны көрсетілген. Лифтте шамамен 10 адам болған.

Еске сала кетсек, оқиға 17 шағын ауданындағы Aktau Plaza тұрғын үй кешенінде болған.

Серіктес жаңалықтары