×
468.88
534.1
6.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
468.88
534.1
6.04

Қазақстанда шетелдіктерге суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салынды

Бүгін, 12:20
Қазақстанда шетелдіктерге суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салынды
Pixabay.com

Қазақстанда суррогат ана қызметін пайдалану тәртібі өзгерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды. Енді бұл қызметті ресми некеде тұрған Қазақстан азаматтары ғана пайдалана алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ҚАНДАЙ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

Өзгерістер «Неке және отбасы туралы» кодекске енгізілді. Құжатта суррогат ана қызметіне тапсырыс берушілерге қатысты нақты талап көрсетілген.

— Суррогат ана қызметінің тапсырыс берушілері тек некеде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады, — делінген құжатта.

Осылайша, шетел азаматтары Қазақстан аумағында суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алмайды.

ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Заңда бұл процедураны пайдалануға шешім қабылдаған ерлі-зайыптыларға бірқатар міндет жүктелген.

Олар суррогат ананың медициналық тексеруден өту шығындарын, қосалқы репродуктивтік технологияларды қолдануға байланысты шығындарды, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдегі медициналық бақылау ақысын төлеуге тиіс.

Сонымен қатар ерлі-зайыптылар өздерінің дене және психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелерін ұсынуы қажет.

Кодекске енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 26 шілдеден бастап күшіне енеді.