×
469.71
536.17
6.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.71
536.17
6.01

Air Astana Дубайға қайта ұшпайды

Бүгін, 16:35
Air Astana Дубайға қайта ұшпайды
Pixabay

Дубайға рейстер 21 шілдеден бастап тоқтатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ормуз бұғазындағы және аймақтағы жағдайдың нашарлауына байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшуды 21 шілдеден 31 тамызға дейін тоқтатады.

21 шілдеге дейін рейстер жолаушыларды қайтару үшін орындалады.

– Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару немесе кейінгі күндерге, немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау ұсынылады, – делінген хабарламада.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Астанадан Дубайға ұшқан Air Astana ұшағы діттеген жеріне жетпей, кері қайтқанын хабарлаған едік.

Кейінірек компания Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктеріне рейстерді уақытша тоқтататты.

Кейінірек Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы-Дубай-Алматы және Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.