Қазақстандық 15 жастағы футболшы Кәрім Меңдіқанов Испанияның әйгілі «Барселона» клубымен ресми келісімшартқа қол қойды. Осылайша, ол каталониялық клубпен келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жас вингер қуанышты жаңалығын өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап, келісімшартқа қол қою рәсімінен түскен фотосуреттерін бөлісті.
«Өмір бойы жанкүйер болған клубыммен келісімшартқа отырғанымды мақтан тұтамын», – деп жазды Кәрім Меңдіқанов.
КӘРІМ МЕҢДІҚАНОВ
Кәрім Оралдың тумасы. Ол бұған дейін Испанияның «Сан-Кугат» клубының академиясында доп теуіп, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының намысын қорғап жүрген.
Жас таланттың «Барселонаға» ауысуы – қазақстандық футбол үшін маңызды тарихи белес. Бұл отандық футболшылардың әлемнің ең беделді клубтарының назарын аудара алатынын көрсетеді.