×
472.34
541.25
6.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.34
541.25
6.01

Украинадағы соғыста Ресей сарбазының орташа өмір сүру ұзақтығы – 30 минут

Бүгін, 09:31
Украинадағы соғыста Ресей сарбазының орташа өмір сүру ұзақтығы – 30 минут
Фото: Ашық дереккөзден

Украинадағы майдан даласына жаңадан барған Ресей сарбазының орташа өмір сүру ұзақтығы 20-30 минут ғана. Бұл жөнінде АҚШ-тың орталық барлау басқармасының директоры Джон Рэтклифф мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Джон Рэтклиффтің сөзінше, жаңадан жасақталып, соғыс даласына барған ресейлік сарбаздың орташа өмір сүру ұзақтығы небәрі 20-30 минут ғана. Украина тарапы жаңа технологияларды меңгергеннен кейін, майдан даласында сарбаздардың аман қалуы қиындаған.

– Жасанды интеллектпен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараттары арзан әрі кәсіби өлтіру машиналарына айналды – деді Рэтклифф.

Рэтклифф сондай-ақ Украинаның жаңа технологияларды меңгеруі күштер тепе-теңдігін өзгерткен және бұл Ресей армиясының алға жылжу қарқынының баяулауына ықпал еткен.

Вашингтондағы CSIS (Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы) сарапшыларының мәліметінше, 2026 жылы Ресей армиясының әскери шығыны Украинамен салыстырғанда сегіз есеге өскен.

Зерттеу авторларының бағалауынша, 2022 жылдан бері қаза тапқан, жараланған немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметкерлердің жалпы саны шамамен 2 миллион адамды құрайды. Оның ішінде 1,4 миллионы Ресейге тиесілі.

Егер бұған дейін Ресей мен Украина арасындағы шығын арақатынасы көбіне 2:1 немесе 3:1 деңгейінде болған болса, 2026 жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш 8:1-ге дейін өскен.

Кейбір деректерге сәйкес, Ресейдің әскери шығындарының 90 пайыздан астамы тікелей қақтығыстардан емес, ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондардың) соққыларынан болған.