Түркістан облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
Түркістан облысының Бәдібек ауданында Шаян-Екпінді тас жолында Toyota Camry және Volkswagen Passat көліктері соқтығысып, салдарынан оқиға орнында жеті адам қаза тапты.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Контекст
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда 15 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 832 адам қаза тапты. inDrive сервисінің дерегінше, өліммен аяқталған жол апаттарының 86%-ы өңірлерде болған. Мұндай қайғылы оқиғалардың басым бөлігі қалааралық жолдарда тіркелген.