×
477.11
545.58
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.11
545.58
6.2

Украина мен Еуропа елдері әуе шабуылына қарсы қорғаныс коалициясын құруға келісті

Бүгін, 11:10
Украина мен Еуропа елдері әуе шабуылына қарсы қорғаныс коалициясын құруға келісті
Фото: Sean Gallup / Getty Images

Украина мен Еуропа елдері әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі коалиция құруға келісті, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Reuters ақпарат агенттігінің мәліметінше, Парижде өткен саммитте Украина, Германия, Дания, Франция, Италия, Нидерланд, Норвегия, Испания, Швеция және Ұлыбритания әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі коалиция құруға уағдаласқан. Коалиция аясында америкалық Patriot жүйесіне балама әрі құны төмен жаңа зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін бірлесіп әзірлеу жоспарланып отыр.

– Біздің ойымызша, Еуропаны қорғау үшін болашақтағы зымыран қатерлерінің алдын алып, оларға тойтарыс бере алатын біріктірілген зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін құру қажет», – делінген мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесінде.

Бастамаға қатысушы елдердің пікірінше, бұл жоба «Еуропа мемлекеттері сатып алған немесе алдағы уақытта сатып алатын зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін толықтыратын болады.