Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
– Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – делінген құжатта.
БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ КІМ?
Білімі бойынша экономист, еңбек жолын мұнай-газ саласындағы компанияларда бастап, кейін мемлекеттік қызметке ауысқан.
Ақшолақов әр жылдары мұнай-газ және энергетика саласында түрлі басшылық қызметтер атқарды. Ол ҚазМұнайГаз құрылымдарында жұмыс істеп, сондай-ақ энергетика саласындағы бірқатар жобаға жетекшілік етті.
Мемлекеттік қызметте ол энергетика министрі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары сияқты лауазымдарда болды. 2022 жылы Қазақстан Республикасының энергетика министрі қызметіне тағайындалып, елдің отын-энергетика кешеніне қатысты мәселелермен айналысты.
2023-2025 жылдары президенттің кеңесшісі қызметін атқарды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылғанын хабарлағанбыз. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.