×
477.11
545.58
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.11
545.58
6.2

Атыраудағы бүтін бір отбасының өлімі: Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды

Бүгін, 15:26
Атыраудағы бүтін бір отбасының өлімі: Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды
Ulysmedia коллажы

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот үкімі шықты. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина айыпталушы Сұлтан Сарсемалиевті өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкіміне сәйкес, ол жазасын қауіпсіздігі ерекше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сонымен қатар сот жәбірленуші тараптың пайдасына 40 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру туралы шешім қабылдады.

ҚЫЛМЫСТЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Тергеу материалдарына сәйкес, Сұлтан Сәрсемалиев алдымен 2024 жылдың мамыр айында қайынағасы Наурыз Мұқанғалиевті өлтіріп, оның мәйітін үйдің іргесіне көмген. Осыдан кейін марқұмның ұялы телефонын пайдаланып, өзін Наурыз ретінде таныстырып, туыстарымен хат алмасып, байланыста болған.

Сол жылдың қараша айында ол тағы үш адамды – қайын атасы Мақсот Қарабалинді, қайын енесі Нәсіп Өтешқалиеваны және жұбайының әпкесі Мейрамгүл Қарабалинаны өлтірген. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті алдымен Жангелдин ауылында қайын атасы мен қайын енесін пышақтап өлтіріп, мәйіттерін қораға жасырған. Кейін Мейрамгүл Қарабалинаны Атырауда уақытша тұрған үйіне апарып, пышақ жарақатын салып өлтірген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Сұлтан Сәрсемәлиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал айыпталушы өзіне тағылған 13 эпизод бойынша кінәсін мойындағанымен, өмір бойғы жаза орнына 25 жылға соттауды өтінген.