×
469.83
536.83
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.83
536.83
5.97

Алматы мен тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 09:04
Алматы мен тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды
ЖИ/Ulysmedia

Бұл туралы 18 шілдеде «Қазгидромет» синоптиктері ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Қазгидрометтің» мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматыда, ал түнде Астана, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында болжанып отыр.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.