×
469.83
536.83
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.83
536.83
5.97

18 шілдеде елдің бір бөлігінде жаңбыр жауып, оңтүстікте аптап ыстық сақталады

Бүгін, 09:46
18 шілдеде елдің бір бөлігінде жаңбыр жауып, оңтүстікте аптап ыстық сақталады
istockphoto.com

Синоптиктер 18 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен сенбі, 18 шілдеде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде нөсер жаңбыр күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашынсыз, күн ашық болады.

Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде жауын-шашынға байланысты күндіз ауа температурасы +21…+29 градусқа дейін төмендейді.

Сонымен қатар, елдің шығысы мен орталығының басым бөлігінде Орта Азиядан келетін ыстық ауа массаларының ықпалы сақталады. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін көтеріледі.

Орталық және шығыс өңірлердің оңтүстігінде аптап ыстық +42 градусқа дейін жетеді. Елдің оңтүстік-батысында ауа температурасы +44 градусқа дейін, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +45…+48 градусқа дейін көтеріледі.