×
469.83
536.83
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.83
536.83
5.97

Психикалық және наркологиялық есепте тұрған 89 қазақстандық көлік айдаған

Бүгін, 15:45
Психикалық және наркологиялық есепте тұрған 89 қазақстандық көлік айдаған
ЖИ

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында прокуратура психикалық және наркологиялық есепте тұрған 89 азаматтың жүргізуші куәлігі болғанын анықтады. Сот шешімімен олардың көлік басқару құқығы тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Сарыағаш ауданының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Тексеру барысында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған, көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар 89 адамның жүргізуші куәлігі болғаны және олардың көлік тізгіндегені анықталды.

Заңнамаға сәйкес психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдануға байланысты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға көлік құралын басқаруға рұқсат берілмейді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде сот аталған 89 азаматтың көлік құралын басқару құқығын тоқтатты.

Сонымен қатар прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде жауапты лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.