×
469.83
536.83
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.83
536.83
5.97

Қазақстандық оқушылар химиядан беделді олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

Бүгін, 11:57
Қазақстандық оқушылар химиядан беделді олимпиадада төрт медаль жеңіп алды
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен химия пәнінен 58-Халықаралық олимпиадаға (IChO 2026) қатысты. Ұлттық құрама сапындағы төрт қатысушының барлығы жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазақстандық оқушылар бір алтын және үш күміс медаль иеленіп, 100 пайыздық нәтиже көрсетті.

Алтын медальді Өскемен қаласындағы НЗМ мектебінің 11-сынып оқушысы Айзере Жеңісханова жеңіп алды.

Күміс жүлдегерлер қатарында Астанадағы Нұра ауданындағы НЗМ мектебінің 11-сынып оқушысы Әбілмансұр Қали, Алматыдағы №134 лицейдің 11-сынып оқушысы Данил Полетаев және Астанадағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы Аңсар Жақсылықов бар.

КОНТЕКСТ

Биыл химиядан Халықаралық олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен 350-ден астам оқушы қатысты. Қатысушылар екі кезеңнен — теориялық және практикалық турдан өтті. Әр кезең бес сағатқа созылды. Олимпиадада оқушылар күрделі химиялық есептер шығарып, зертханалық жұмыстар орындады.

Химиядан Халықаралық олимпиада мектеп оқушылары арасындағы әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың бірі саналады. Қазақстан бұл жарысқа 1998 жылдан бері қатысып келеді және үнемі жоғары нәтиже көрсететін елдердің қатарында.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы физикадан Халықаралық олимпиадада да тарихи жетістікке жетіп, алғаш рет бірден бес алтын медаль жеңіп алған болатын.