×
469.83
536.83
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.83
536.83
5.97

Қазақстанда заңсыз казино жұмысына шетелдіктер дроппер ретінде тартылған

20.07.2026, 10:46
Қазақстанда заңсыз казино жұмысына шетелдіктер дроппер ретінде тартылған
Pixabay

Қазақстанда ірі заңсыз онлайн-казино желісі әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 7,5 млрд теңгеден астам айналымы болған Nomad Poker платформасын Қазақстан азаматтары Грузиядан басқарып отырған. Ал қаржы ондаған жалған банк шоттары арқылы жүргізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тергеу мәліметінше, казино тәулік бойы Club GG Poker мобильді платформасы негізінде жұмыс істеген. Ойыншылар бәс тігіп, ұтыстарын шығара алған. Жаңа қолданушылар әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жарнама арқылы тартылған.

ҚМА мәліметінше, бұл схемаға 20 мыңнан астам адам қатысқан. Ақша ағындарын жасыру үшін ұйымдастырушылар дропперлерді – банк карталары мен шоттары рәсімделген адамдарды пайдаланған.

Осы мақсатта Қазақстанға шетел азаматтары арнайы әкелініп, оларға банк картасы мен мобильді банкингті рәсімдеп бергені үшін 400 долларға дейін ақша төлеуге уәде етілген.

ПӘТЕР МЕН КӨЛІКТЕРГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Тергеу барысында 60-тан астам жалған шот пайдаланылғаны анықталды. Олар арқылы 7,5 млрд теңгеден астам қаражат өткен.

Сот Алматыдағы бір пәтерге, үш автокөлікке және дропперлердің есепшоттарындағы 158 млн теңгеге тыйым салды.

Тергеу жалғасып жатыр.