×
469.59
536.22
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.59
536.22
5.96

Семей соты белсенді Нұржан Сембаевты алты жылға бас бостандығынан айырды

Бүгін, 12:45
Семей соты белсенді Нұржан Сембаевты алты жылға бас бостандығынан айырды
Фото: vlast.kz

Семейде белсенді Нұржан Сембаев сот үкімімен алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «АктивистыНеЭкстемисты» құқық қорғау тобына сілтеме жасап, Vlast.kz сайты жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

21 шілдеде Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматтық белсенді Нұржан Сембаевты Қылмыстық кодектің 405-бабының 2-бөлігі «Экстремистік ұйымның қызметіне қатысу» және 258-бабының 1-бөлігі «Экстремистік ұйымды қаржыландыру» бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ, сот оған үш жыл қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салды. Бұдан өзге,жүргізілген «құпия сараптамаларға» жұмсалған 1,7 млн теңге көлеміндегі сот шығындарын мемлекет пайдасына өтеуге міндеттеді.

Құқық қорғаушылар тобының хабарлауынша, Нұржан Сембаев соңғы сөзінде өзіне ақтау үкімін шығарудысұраған. Ол өз әрекетінде қылмыс құрамы да, қылмыс оқиғасы да жоғын айтқан.

Контекст

42 жастағы азаматтық белсенді Нұржан Сембаев биыл 3 ақпанда жұмыс орнында ұсталды. Содан бері ол тергеу изоляторында қамауда болды.

«Настоящее Время» басылымының айыптау актісіне сілтеме жасап хабарлауынша, қылмыстық істің қозғалуына оның Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбалары мен бөліскен жарияланымдары негіз болған.

Айыптау нұсқасына сәйкес, 2025 жылдың соңынан бастап Нұржан Сембаев Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысына ақпараттық қолдау көрсетуді қасақана және мақсатты түрде жүзеге асырған.

ҚДТ қозғалысын Еуропарламент бейбіт, саяси оппозициялық ұйым деп танығын