×
467.65
533.26
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.65
533.26
5.96

Қазақстанда 4,7 млн адам ғана зейнетақыға тұрақты ақша жинап отыр

Бүгін, 15:01
Қазақстанда 4,7 млн адам ғана зейнетақыға тұрақты ақша жинап отыр
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда жұмыс істейтін азаматтардың жартысынан азы ғана зейнетақы жарналарын тұрақты аударып отыр. Соның салдарынан көптеген адам зейнет жасына жеткенде жинақтары жеткіліксіз болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 27,7 трлн теңгеге жеткен. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 1,4 трлн теңгеге немесе 5,4%-ға өскен.

Жинақ көлемінің артуына зейнетақы жарналарының көбеюі, инвестициялық табыс және жұмыспен қамту деңгейінің өсуі әсер еткен. Қазір барлық жинақтың 40 пайыздан астамы инвестициялық кіріс есебінен қалыптасып отыр.

Алайда сарапшылардың пікірінше, басты мәселе зейнетақы активтерінің көлемінде емес, азаматтардың жарнаны тұрақты түрде аудармауында.

– Жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін негізгі мәселе – азаматтардың жеткілікті көлемде зейнетақы жинағын қалыптастырмауы. Қазір жылына 9-12 ай аралығында тұрақты зейнетақы жарнасын тек 4,7 млн адам немесе елдегі жұмыс күшінің жартысынан азы төлейді, – делінген қауымдастық шолуында.

Бұл қазақстандықтардың көпшілігі үшін мәселе зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігінде емес, зейнетке шыққан кезде қаражатының жеткіліксіз болу қаупінде екенін көрсетеді.

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ АРТТЫРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?

Сарапшылардың айтуынша, елде зейнетақы жарнасын тұрақты төлейтін азаматтардың санын көбейту, ресми жұмыспен қамтуды және халық табысын арттыру қажет.

Сонымен қатар зейнетақы активтерінің тұрақты кірістілігін сақтау және азаматтардың жинақтаушы жүйеге деген сенімін арттыру маңызды.

Қазір зейнетақы активтерінің 99,6 пайызы Ұлттық банктің басқаруында. Ал жеке басқарушы компаниялардың үлесіне барлық жинақтың небәрі 0,4 пайызы тиесілі.