×
465.74
531.08
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.74
531.08
5.92

Ақтөбеде мәселесін айтқан тұрғындарға әкімдік тағы да полиция жіберді

Бүгін, 17:43
Ақтөбеде мәселесін айтқан тұрғындарға әкімдік тағы да полиция жіберді
ulysmedia.kz

Ақтөбе қаласында өз көшесінде тұрып, жол мәселесін айтқан тұрғындарға әкімдік тағы полиция жіберді, деп хабарлайды Ulusmedia. 

Толығырақ

Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік-Батыс ауданы Тайманов көшесіндегі жөндеу жұмыстары ұзақ уақыттан бері жүріп жатыр. Мұнда орталық көшеге қоғамдық көлік кірмей, тұрғындар зардабын тартып отыр.

– Тайманов көшесі нағыз қатынасты реттейтін орталық көше. Жолға бордюр салып бастады, тастады. Біз ол жерден сазға былғанып, оны қалаға тасып жүрміз. Қаланың ортасында тұрсақ та көркейту жұмыстары жоқ. Бұл жақта қандай атақты аға-апаларымыздың есімі берілген көшелер бар. Досжан хазірет, Халида Маманова, Құрманғазы көшелері 20 жылдан бері жол көрмей тұр, – дейді жергілікті тұрғындардың бірі Арайлым Әзиева.

Жол жөндеу жұмыстары кезінде көшелер қазылып, аяқтау жұмыстарының ұзаққа созылуы тұрғындарды шаршатып жіберген. Үлкен кісілер аялдама мен үй арасына жете алмай, әр жерге отырып, демалып жүргенін айтады. Тұрғындар мектеп кезінде оқушылардың сабаққа қатынауы қиын екенін де жеткізді.

– Жол мәселесі қиын. Мектеп кезінде балаларға обал. Балшыққа былғанып келеді. Аялдама алыстап кетті. Биыл жолдың астын 2 метр етіп қазып жасап жатыр. Дұрыс болады деп үміттенеміз, – дейді тағы бір тұрғын Тұрлан Нағымбаев.

Тұрғындар мәселесін айтқан тұста Тайманов көшесіне қала әкімі Азамат Бекеттің орынбасары мен Астана ауданының әкімі келгені айтылды. Бірақ тұрғындарға әкімдік өкілдері емес, полиция қызметкерлері келді.

Тұрғындарға жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания өкілі тамызда барлық жұмысты аяқтайтындарын айтып, сендіріп бақты.

– 2025 жылдан бастап 5 көшеге асфальт салдық. Жалпы ұзындығы 3 шақырым. Биыл тапсырыс беруші Оңтүстік батыс-2 мен Сақтаған Бәйішев арасындағы Тайманов көшесін жасауды біздің жоспарға енгізді. 500 млн теңге қаржы бөлініп тұр. Тайманов көшесі 1490 метр. Айя дүкенінің алдында  жерасты суы көтерілген. Себебі бұл жерде бұрын өзен болған. Сондықтан негізін күшейту жұмыстары жүрді. Инфрақұрылым желісі реттеліп, кейін ғана асфальт төселеді. Бізде жаңбырлы, дауылды күндері көп болды. Ол кезде жұмыс істей алмаймыз. Сол себепті жұмыс баяу жүріп жатыр. Соған қарамастан тамыз айында екі көшені толық абаттандырып, саламыз,- деді мердігер компания өкілі Жумин Абылайхан.

Оңтүстік-Батыс ауданында 22 көшеге жөндеу жүргізу жобасы мақұлданған. Алты көшеде жұмыс аяқталған. Биыл тағы екі көше бітуі тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласы әкімдігі кездесуге келген тұрғындарды полициямен күтіп алған еді.

Автор: Ардақ Ерубаева