×
476.07
541.86
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.07
541.86
6.08

Қазақстан мен Ресей шекарасында тағы да ұзын-сонар кезек пайда болды

Бүгін, 11:18
Қазақстан мен Ресей шекарасында тағы да ұзын-сонар кезек пайда болды
pixabay

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Сырым» автокөлік өткізу бекетінде тағы да ұзын-сонар кезек пайда болды. Жүргізушілердің айтуынша, қозғалыс мүлде баяулаған, ал фуралар бірнеше қатар болып тізіліп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан Батыс Қазақстан облысы мен Ресейдің Самара облысы арасындағы шекарадан өту үшін кезегін күтіп тұрған жүк көліктерін көруге болады. Самара - Орал бағыты бойынша қозғалыс тұралап, фуралар үш қатарға дейін тізілгені айтылып отыр.

Бұған не себеп болды?

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мұны Қазақстаннан Ресейге бет алған жүк көліктерінің көбеюімен түсіндірді. Ведомство мәліметінше, қазір көкөніс өнімдерінің экспорты артқан.

Бұған қоса, Ресей жағындағы өткізу бекетінің мүмкіндігі шектеулі. Ресей шекара қызметінің дерегінше, қолданыстағы тәртіп бойынша сағатына 25 жүк көлігі, ал тәулігіне 500-ден аспайтын фура өткізіледі.

Жөндеу жұмыстары да кедергі келтіріп отыр

«Сырым» өткізу бекетін жөндеу жұмыстары да жағдайды қиындатып отыр. Мұндайда Қазақстанға кіретін екі жолақты уақытша жабу жоспарланған. Осы аралықта көліктер әдетте елден шығуға арналған бір жолақпен өткізілмек.

Мұндай жағдай бұған дейін де болған

«Сырым» бекетінде ұзын-сонар кезектің пайда болуы алғаш рет емес. Маусымның аяғында да мұнда жүздеген жүк көлігі шекарадан өте алмай, ұзақ уақыт күткен еді.