×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

«Жүрегім езіліп бітті»: Түркияда жүрген қазақстандықтың әңгімесі

11.02.2023, 10:40
Фото: Ашық дереккөзден

Түркияда жүрген Батыр Сиябек атты отандасымыз зілзаланың салдарын өз көзімен көріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Жиырма жылдай өткен екі күнім» деп бастаған постында отандасымыз көрген-білгенін былай баяндапты.

«Тас түскен жерге өте ауыр түседі екен. Бұған әбден көзім жетті. Жүрегім жарылып та, езіліп та, ауырып та бітті. Фото мен видеодан жылы үйде отырып көру бір басқа, мыңдаған адамдардың қайғысының ортасына түсу бір басқа екен. Жайбарақат, әдемі түс көріп, ұйықтап жатқан жеріңнен біреу оятып, басыңнан бір пергендей... "Эй, оян!!!", - деп.

Пендешілікпен ренжісумен дүние үшін қырылып өтетін өмір бір күндік екен, ағайын. Түкке тұрмайды. Бір мезетте жоғалып, жермен жексен болып кетеді екен. Дүниені қойш, адамдар жақындарын жоғалтып, өмірдің сәнін мен мәнін жоғалтқанын көргенде қандай сезімде болғаныңды айтып та жеткізе алмайсың... Жүрекке сыймайды бұл сезім, жүрекке сыймайды...

Не көрмедік?

Халықтың көзінен көп мұң көрдік. Бала-шағаларынан айырылды, біреуі төрт баласы болса, төртеуінен де айырылды. Біреулер екі  әке-шешесінен де айырылды. Коньяға 400-дей бала әкелді; ата-анасы табылмаған. Аданаға да балаларды алып келген, оларға қарайтын әйел еркінділерді іздеп жатыр, қарау үшін.

Бірінші екі күнде көп тірі адамдар шықты, үшінші, төртінші, бесінші күндері көбісі мәйіт. Өйткені, су жоқ, тамақ жоқ, уайыммен, қайғымен бір жерде бастырылып жатқан кезде, асхана болмаса, басқа бөлмелерде үлкендер қайтыс болып кеткен.

4-ші 5-ші күндері кішкентай балапандар әп-әдемі, түк болмағандай шығып жатыр. Олардың айтқан әңгімелері таң қалдырады. Үйдің астында жатқанда, әйел кейпінде біреулер келіп, су беріп, тамақтандырдырып, бақты деп айтып жатыр. Бұны қалай түсінуге болады, мысалы? Алла сақтап қалам десе...

Түрік халқының сабырлығын көрдік. Мысалы: барлық мүліктен айырылды, бизнесінен айырылды, жұмыстарынан айырылды, осының бәрі былай тұрсын, Хатай қаласы 100 де 100 пайыз жойлып кеткен. Осылай 10 аудан кетті. 13-14 миллион адам зардап шекті ғой былай қарасаң. Сонда бетін жыртып, шашын жұлып дүние үшін: "анауым не болды, мынауым не болды", - деп жатқан бір адамды көрген жоқпыз, бір адамды. "Каша" болып жатқан үйінің алдында отыр, дивандарын шығарып алып, от жағып. Жалғыз уайымдары сол: жоғалып кеткен жақындары, немесе көршілерінің жақындары»...

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркия мен Сирияның бірнеше қаласында зілзала болып, мыңдаған адам опат болды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қаза болғандар саны бір ғана Түркияда 20 мың адамнан асып кеткен. Әлемнің басқа мемлекеттерімен бірге Қазақстан да бауырлас елге көмек көрсетіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары