×
$
469.93
541.64
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
469.93
541.64
5.71

«Ақжан»: Тоқаевтың сүйікті арғымағы желідегі жұртты тәнті етті

Бүгін, 12:03
«Ақжан»: Тоқаевтың сүйікті арғымағы желідегі жұртты тәнті етті
Видео кадры

Президент ат қорасындағы сирек кездесетін ақалтеке тұқымды Ақжан атты бие әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Қазақстандық тревел-блогер әрі видеограф Дастан Мұхамедрахым далада түсірілген видео жариялаған. Аз уақыттың ішінде ролик 500 мыңнан аса қаралым жинаған.

Автордың айтуынша, Ақжанды ресми ортадан тыс, ашық далада алғаш болып түсіру мүмкіндігі оған берілген.

Сирек түсі және белгілі тегі

Ақжан - сирек кездесетін изабелла түсті ақалтеке. Мұндай түс осы тұқымдағы жылқылардың шамамен 3 пайызында ғана болады.

Ақжан деген атты оған Қасым-Жомарт Тоқаев қойған. Бұл атау «таза жан» немесе «ақ көңіл» деген мағына береді.

Ақжан Астанада туған. Оның тегі белгілі ақалтекелер - Ганатлы мен Табыс.

Ақалтекелер несімен ерекше

Ақалтеке - әлемдегі ең көне жылқы тұқымдарының бірі. Бұл жылқылар төзімділігімен, сымбатты дене бітімімен және өте жеңіл, жатық жүрісімен ерекшеленеді.

Ақалтекеге ұқыпты күтім мен ерекше қарым-қатынас қажет. Олар дөрекілікті ауыр қабылдайды әрі адамға тез бауыр басады.