×
$
466.08
538.56
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
466.08
538.56
5.65

Астанада футбол қақпасы балаға құлап, ол жансақтау бөліміне түсті

Бүгін, 14:13
Астанада футбол қақпасы балаға құлап, ол жансақтау бөліміне түсті
ҚФФ

Астанада футбол жаттығуы кезінде балаға қақпа құлап кеткен. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл футбол алаңы Қазақстан футбол федерациясына тиесілі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға қалай болды?

Оқиға 10 тамызда болған. Қазақстан футбол федерациясы әзірше оқиғаға қатысты алдын ала ақпарат бар екенін хабарлады.

– Жаттығу кезінде футбол қақпасы балаға құлап кеткен. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға болған футбол алаңы жаттығу өткізу үшін жекеменшік футбол мектебіне жалға берілген, – деп хабарлады федерация.

Ulysmedia.kz редакциясына белгілі болғандай, қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Федерация оқиғаға байланысты ішкі тексеру жұмыстарын бастады. Оның аясында мамандар футбол алаңы мен жабдықтардың техникалық жағдайын тексеруге тиіс.

Қақпаның құлауы алғаш рет болып отырған жоқ

Қазақстанда бұған ұқсас жағдайлар бұған дейін де болған. Кейбірі адам өлімімен аяқталған.

Биыл мамыр айында Ақтөбеде ауладағы футбол қақпасы балаға құлап кеткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, металл конструкция бекітілмеген. Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғаған.

2025 жылы Астанада 25 жастағы ер адам қаза тапты. Ол ойын кезінде футбол қақпасының маңдайшасына асылған. Сол кезде қақпа аударылып, ер адамды басып қалған.

2024 жылдың жазында Ақтауда да осындай қайғылы оқиға болған. Жасөспірімнің үстіне металл қақпа құлап, ол ауыр бас-ми жарақатын алған. Кейін комаға түсіп, қайтыс болған.