×
$
465.74
537.23
5.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.74
537.23
5.62

Қылмыстық іс қозғалып, елден шығуына тыйым салынды: Лұқпан Ахмедияровқа қатысты не белгілі

Бүгін, 11:11
Қылмыстық іс қозғалып, елден шығуына тыйым салынды: Лұқпан Ахмедияровқа қатысты не белгілі

«Просто журналистика» жобасының авторы Лұқпан Ахмедияровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол Қылмыстық кодекстің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша тергеліп жатыр. Бұған дейін журналистің Қазақстаннан шығуына рұқсат берілмеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Толығырақ

– Көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Астана қаласы полиция департаментінің өкілдері «Азаттыққа».

Полиция бұдан басқа мәлімет берген жоқ. Журналистің бұл іс бойынша қандай процестік мәртебеге ие екені әзірге белгісіз.

Елден шығармады

3 тамызда Ахмедияров отбасымен бірге Астанадан Черногорияға ұшпақ болған. Алайда паспорттық бақылау кезінде оны кері қайтарып, елден шығуына тыйым салынғанын хабарлағанбыз.

Журналист eGov және Әділет министрлігінің сайты арқылы шектеулердің бар-жоғын тексергенін, бірақ ешқандай тыйым көрмегенін айтқан. Әуежайда оған шектеуді Астана полициясы қойғанын түсіндірген.

Ал бұған дейін, 31 шілдеде, Ахмедияров Өскемен тұрғынының арызы бойынша полицияға шақырылған. Шағым 2024 жылғы сәуірдегі жазбаға қатысты болған.

Сол кезде журналист украиналық «Хочу жить» жобасы жариялаған тізімді қайта жариялаған. Онда Ресей жағында соғысқа қатысуы мүмкін деген 660 қазақстандықтың аты-жөні көрсетілген. Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өз есімінің бұл тізімге қателесіп енгізілгенін айтқан.