×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандардың саны 28 мыңнан асты

12.02.2023, 13:35
Ашық дереккөз

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандардың саны 28 мыңнан асты. Тағы 80 мыңнан аса тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 1 миллиондай адам уақытша орталықтарға орналастырылған.

«БҰҰ қос мемлекетте табиғат апатынан көз жұмғандар қарасы артып, 40 мыңға жетуі мүмкін деп отыр. Себебі үйінділер әлі толық ашылып біткен жоқ», - дейді ұйым басшысының орынбасары Мартин Гриффитс.

"Түркияда зілзала салдарымен күреске 100-ден аса ел өздерінің құтқарушыларын жіберді. Іздестіру шаралары күні-түні жүріп жатыр. Енді бізге табиғат апатынан зардап шеккендерге жан-жақты көмектесуге күш салуымыз қажет. Бұл мәселені назардан тыс қалдырмауымыз керек", - деген БҰҰ бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитс.

Серіктес жаңалықтары