×
$
465.74
537.23
5.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.74
537.23
5.62

Алматы әуежайына дейін метро қашан жететіні белгілі болды

Бүгін, 19:10
Алматы әуежайына дейін метро қашан жететіні белгілі болды
ortcom.kz

Алматы метросы бірнеше бағыт бойынша кеңейтіледі. 2026 жылдың желтоқсанында «Қалқаман» станциясы ашылуға тиіс. Кейін метро желісі Алматы әуежайына дейін жеткізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Толығырақ

Алматылықтар метроның алғашқы кеңеюін бірнеше айдан кейін көреді. Метрополитен баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қалқаман» станциясы ашылғаннан кейін желі «Барлық» базарына дейін ұзартылады. Бұл учаскені 2029 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Ал одан кейінгі ұзақмерзімді жоспар бойынша метро Алматы әуежайына дейін жетеді. Метро желісін әуежайға 2032 жылы іске қосу көзделген.

Қала кептеліске балама іздеп жатыр

Айта кетейік, қазір Алматыда жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) құрылысы жүріп жатыр. ЛРТ-ның бірінші желісі Момышұлы көшесімен, кейін Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылы арқылы «Алматы-2» теміржол вокзалына дейін созылады. Маршруттың жалпы ұзындығы – 18,3 шақырым.

Депоны Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтың оңтүстік бөлігінде салу жоспарланған.

Құрылыс жұмыстарына байланысты Момышұлы көшесінде көліктердің қозғалысына шектеу қойылған.

Алматы үшін қоғамдық көлікті дамыту өзекті мәселе болып отыр. Өйткені қала елдегі ең ірі мегаполис болып қала береді және күн сайын көлік кептелісі мен жолдардың шамадан тыс жүктемесіне тап болады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың ортасында Алматыда 2 366 525 адам тұрған.