×
$
465.08
536.52
5.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.08
536.52
5.56

Алматыда және Алматы облысында электр жарығы жаппай өшіп қалды

Бүгін, 15:49
Алматыда және Алматы облысында электр жарығы жаппай өшіп қалды
Pixabay.com

Алматы мен Алматы облысында жаппай электр жарығы өшіп қалды. Қаланың бірнеше ауданында және облыс аумағындағы елді мекендерде тұрғындар жарықсыз отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Мән-жай

Ақау шамамен сағат 15:00-де басталған. «Алатау Жарық Компаниясы» мәліметінше, бұған KEGOC-қа тиесілі үш жоғары кернеулі электр желісінің апатты жағдайда ажыратылуы себеп болған.

Апаттан кейін қорғаныс автоматикасы іске қосылып, энергетикалық жүйені қорғау мақсатында тұтынушылардың бір бөлігі автоматты түрде электр желісінен ажыратылған. Жалпы ажыратылған жүктеме көлемі – 300 МВт.

«Алатау Жарық Компаниясы» не дейді?

– KEGOC-қа тиесілі кернеуі 500 кВ әуе электр беру желілерінің апатты жағдайда ажыратылуы салдарынан апатқа қарсы автоматика іске қосылды. Соның салдарынан Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр тұтынушылары ажыратылды, – деп хабарлады компания.

Алматыда жарық Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарында өшкен.

Ал Алматы облысында электр қуаты Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарында ажыратылды.

Қазіргі уақытта энергетиктер электрмен жабдықтауды қалпына келтіріп жатыр. Жарықтың үйлерге толық қашан берілетіні әзірше белгісіз.