×
$
464.02
536.18
5.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.02
536.18
5.54

Жамбыл облысында қоқыс полигоны өртенді

Бүгін, 14:54
Жамбыл облысында қоқыс полигоны өртенді
Видео кадры

Жамбыл облысындағы Құлан ауылынан бірнеше шақырым жерде тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт елді мекеннен шамамен төрт шақырым жерде болған.

Өрт сөндіру жұмысына қалың түтін мен екпінді жел кедергі келтірген.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 70-ке жуық адам мен 26 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, «Ауыл құтқарушылары» еріктілері, орман шаруашылығы және газ саласының мамандары, сондай-ақ, медицина қызметкерлері жұмыс істеді.

Мың текше метрге жуық топырақ жеткізілді

Өрт қайта тұтанбас үшін қоқыс қабат-қабат ашылып, су себілді және үсті топырақпен көмілді.

Полигонға барлығы 950 текше метрге жуық инертті материал жеткізілген.

ТЖМ өрттің толық сөндірілгенін және оның әрі қарай таралуына жол берілмегенін хабарлады.

Зардап шеккендер жоқ.